Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында коменданттық сағат уақыты өзгерді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Aлматы облысының комендаты - полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев халыққа бейне үндеу жасап, оның барысында бүгіннен бастап өңірдегі коменданттық сағат уақыты өзгеретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Облыстағы жағдайдың жақсаруына байланысты бүгіннен яғни 12 қаңтар сағат 20:00-ден бастап азаматтардың қозғалысына қойылған шектеулер алынады. Бірақ төтенше жағдай режиміндегі мемлекет басшысының жарлығымен бектіліген комендаттық сағат 23:00-ден таңғы сағат 07:00-ге дейін шектеулер сақталады.

Осыған орай барлық тұрғындардан қала және облыс аумағында жүру кезінде жеке куәліктеріңізді алып жүрулеріңізді және төтенше жағдай талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймын. Мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырамыз", - дейді Серік Күдебаев.

Сонымен қатар, ол қиын шақта тәртіп сақшыларына көмек көрсеткен және олардың қызметіне жағдай жасаған азаматтарға өз атынан алғыс айтып, жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар адамдар туралы ақпарат болса, полицияға хабарлауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950833-almaty-oblysynda-komendanttyq-sagat-uaqyty-ozgerdi/

pixel