Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚШҰ бітімгерлері елімізде қандай нысандарды күзетіп жатыр (видео)

Опубликовано:

Фото
Фото: Қорғаныс министрлігі

Еліміздің қорғаныс министрлігі ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Қазақстанда қандай нысандарды күзетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, мәселен Арменияның әскери қызметшілері Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрмыс-тіршілігіне қажетті маңызды нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындап жатыр.

Ал Қырғызстаннан келген әскерилер Алматы қаласының тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандарын күзету бойынша тапсырмаларды орындауда.

Алматыдағы жылу энергетикалық орталығының қауіпсіздігін Тәжікстан Қарулы күштерінің бітімгерлері қамтамасыз етуде. Контингент құрамында 100 адам бар.

ЖЭО-1 Алматының орталық және шығыс бөлігін жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Станция қала ішінде орналасқан және мегаполистің маңызды нысандарының бірі саналады.

Беларусьтан келген әскери қызметшілер "Жетіген" әскери әуеайлағын күзету бойынша тапсырмаларды орындап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қазақстандағы соңғы күндері орын алған жағдайды объективті бағалай отырып, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше мемлекеттерге республикадағы жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін бітімгершілік күштерін жіберу туралы өтініш жасаған еді.

ҰҚШҰ мемлекет басшысының өтінішіне дер кезінде құлақ асып, Қазақстанға 6 қаңтарда ресейлік әскери контингенті бар алғашқы ұшақ келіп қонды.

Артынан жедел түрде Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстаннан бітімгерлік контингенттер келді. Бітімгерлік континенттің жалпы саны 2000 астам адамды құрайды.

ҰҚШҰ-ның Ұжымдық бітімгершілік күштері Қазақстан аумағында уақытша мерзімге келгенін және жағдай тұрақталғаннан кейін елден кететінін атап өткен жөн.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950884-uqsu-bitimgerleri-elimizde-qandai-nysandardy-kuzetip-zatyr-video/

pixel