Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Бірден 4 облыс "қызыл аймаққа" өтті

Опубликовано:

көше
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, төрт бірдей облыс "қызыл" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

13 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда облыстары;
  • "сары" аймақта Ақмола,Батыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары;
  • "жасыл" аймақта Алматы, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 9 122 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын. Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 013 586-нан асты.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 792 адам коронавирустан жазылып шықты.

13 қаңтардағы мәлімет бойынша, 35 710 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 3 888 пациент стационарда, 31 822 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы 206 адамның жағдайы ауыр, 62 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда, 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950893-koronavirus-birden-4-oblys-qyzyl-aimaqqa-otti/

pixel