Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда көлік соғып, бір ай бойы комада жатқан журналист қайтыс болды

Опубликовано:

Екатерина Панасян. Фото
Екатерина Панасян. Фото: Lada.kz

Ақтауда болған жол-көлік апаты салдарынан зардап шегіп, бір ай бойы ес-түзсіз жатқан журналист Екатерина Панасянның жақындары оның көз жұмғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

"2022 жылғы 12 қаңтар күні біздің Катюшаның жүрегі соқпай қалды", - деп жазды журналистің туыстары әлеуметтік желіде.

Еске салсақ, Екатерина Панасян 2 желтоқсан күні Ақтаудағы 12 шағынауданда болған жол апатынан зардап шекті. Оны Toyota Sienna маркалы көлік соғып кеткен. Көлік жол жиегі арқылы тротуарға шығып кетіп, артынша келіншекті қағып өткен.

Ал осы уақытта тротуармен келе жатқан өзге адамдар шегініп үлгергендіктен, зардап шекпеген.

Дәрігерлер Екатеринаның жағдайын өте ауыр деп бағалаған. Араға бір ай салып, 28 жастағы журналист қайтыс болды.

Марқұм Екатерина Панасянның артында жолдасы және екі жастағы қызы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1950897-aqtauda-kolik-sogyp-bir-ai-boiy-komada-zatqan-zurnalist-qaitys-boldy/

pixel