RU

"3 қарулы шабуылға тойтарыс берілді": ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментіне жасалған шабуыл жайлы айтты

Фото
Фото: ҰҚК ресми сайты

2022 жылғы қаңтардың 5-нен 6-сына қараған түні шамамен 350 адам атыс қаруы мен "Молотов коктейлдерін" қолдана отырып, ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментін басып алуға әрекет жасаған. Бұл туралы комитет ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жеке құрамның өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті, режимдік объект қауіпсіздігі мен қару-жарақты қолды ету қатерін ескере отырып, ғимаратты қорғау кезінде шабуылдаушыларға қарсы оқ атылған.

ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің арнайы мақсаттағы тобымен бірлесе отырып, 3 қарулы шабуылға тойтарыс берілген.

"Атыс кезінде жараланған ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығының бөлім бастығы подполковник Д.А. Әділбай қаза тапты", - делінген хабарламада.

Бұл жайттан кейін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаменті бірнеше бап бойынша 6 қылмыстық іс қозғаған.

Одан бөлек, комитет Жамбыл облысында құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Қылмыстық кодекстің 269-бабының 2-бөлімі 1, 6-тармағы бойынша (Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен шабуыл жасау немесе оларды басып алу) 30 адамға қатысты қылмыстық істі тергеп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950907-3-qaruly-sabuylga-toitarys-berildi-uqk-zambyl-oblysy-boiynsa-departamentine-zasalgan-sabuyl-zaily-aitty/