"Ол көптеген хат алуда": Әлия Назарбаева Елбасыға қолдау білдірген тұрғындарға алғыс айтты

Опубликовано:

Әлия
Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева өзінің Facebook парақшасында қайғылы жағдайға қатысты пікір білдіріп, Елбасыға қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біздің елімізде болған жайттарды ауыр қабылдадым. Зардап шеккендер мен қаза болған адамдар үшін жаным қалай ауырып отырғанын жеткізуге сөз таппай отырмын. Қайтыс болғандардың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Ауыр сабақ болған бұл жайт баршамыз үшін тарихымыздағы ең соңғы оқиға болсын. Бейбіт күнде адамдардың қаза тауып жатқаны дұрыс емес.

Сондай-ақ, сіздерге қолдау білдіріп жатқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта менің әкеме моральдық қолдау көрсетіп жатқандарыңыз алғыс айтамын. Ол әр өңірдегі тұрғындардан көптеген хат алуда. Қазақстанға бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін", - деп жазды Әлия Назарбаева.

Еске сала кетсек, елімізде жаппай тәртіпсіздіктер болған кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада болып, мемлекет басшысына қолдау көрсеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қауіпсіздік кеңесі төрағалығын беру туралы шешімді өзі қабылдаған. Бұл туралы оның кеңесшісі Айдос Үкібай айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950933-ol-koptegen-xat-aluda-aliya-nazarbaeva-elbasyga-qoldau-bildirgen-turgyndarga-algys-aitty/