RU

Алматыда ҰҚШҰ бітімгерлерін шығару жұмыстары басталды (фото)

Бітімгерлер
Фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Алматыда ҰҚШҰ бітімгершілік әскерлерін шығару жұмыстары басталды. Құрлық әскерлерінің әскери институтында Қазақстанға келген достастық елдерінің әскері жасақталды. Оларға алғыс хаттар табыс етілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жиынға ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Салтанатты шара тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталып, одан кейін ҰҚШҰ-ға мүше елдер – Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясының, сондай-ақ ҰҚШҰ-ның әнұрандары шырқалды.

Қазақстан қорғаныс министрінің атынан Ұжымдық бітімгершілік күштері контингентінің әскери қызметшілеріне алғыс айтылды.

Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бұйрығымен бірқатар бітімгерлер ”Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін” медальдарымен және грамоталармен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950963-almatyda-uqsu-bitimgerlerin-sygaru-zumystary-bastaldy-foto/