Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Nur Otan төтенше жағдай режимі кезінде өңірлердегі азаматтарға көмектесуде

Жарияланған күні:

Nur Otan өңірлердегі азаматтарға көмектесуде
Фото: Nur Otan баспасөз қызметі

Еліміз бойынша депутаттар, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері және Nur Otan жастар қанатының белсенділері коммуналдық қызметкерлерге, полицияға көмек көрсетуді және азаматтардың өтініштеріне ден қоюды жалғастыруда, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Мәселен, жасотандық еріктілер жергілікті билікке қалаларды тазарту мен ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесуде. Өңірлердегі партия мүшелері тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер үшін қан тапсыруда. Осы күндері филиалдар мен белсенді партиялықтар полиция мен әскери қызметкерлерге қала көшелері мен блокбекеттерде ыстық тамақ ұйымдастырды. Тек Алматының өзінде нұротандықтар қаланың барлық ауданы бойынша мұқтаж азаматтарға 125 млн теңге көлемінде көмек көрсетті. Бірқатар өңірлерде алғашқы күндері қоғамдық жасақтар құрылды.

Nur Otan өңірлердегі азаматтарға көмектесуде
Фото: Nur Otan баспасөз қызметі

Мәслихаттардағы фракция мүшелері мен Nur Otan бастауыш партия ұйымдарының басшылары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында қойған міндеттерін халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Nur Otan өңірлердегі азаматтарға көмектесуде
Фото: Nur Otan баспасөз қызметі

Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Nur Otan қоғамдық қабылдау бөлмелері де жұмысын жалғастыруда. Биыл 1 қаңтардан бастап 622 адам жүгініп, оның 283-і 1111 шұғыл қызмет1 байланыс орталығына хабарласқан. Азаматтарды толғандыратын негізгі мәселелер – әлеуметтік қамсыздандыру, жұмысқа орналасу және еңбек құқықтарының бұзылуы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық сынды мәселелер.

Депутаттар, партия мүшелері – мемлекеттік органдардың басшылары 67 қоғамдық қабылдау өткізіп, 136 адамның мәселесі қаралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1950996-nur-otan-totense-zagdai-rezimi-kezinde-onirlerdegi-azamattarga-komektesude/