Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адам дәрігер көмегіне жүгінген

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 13 адам - әскери қызметкер. Қазіргі таңда түрлі дене жарақатын алған 109 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ниязбеков Өмірзақ Әбілсейітұлы дәрігерлерге митингке қатысқандар тарапынан шабуыл жасалмағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облыстық ДСБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көшеде орын алған тәртіпсіздікке қарамастан дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлері штатты режимде жұмыс істеді.

Дәрігерлерге митингке шыққандар тарапынан шабуыл жасалған жоқ. Жаппай тәртіпсіздік кезінде облыстық жедел жәрдем станциясының бір қызметкері зардап шекті.

Жедел жәрдем көлігіне атқан оқтың салдарынан сынған әйнек жүргізушіні жарақаттаған. Қазіргі таңда көлік жүргізушісінің жағдайы тұрақты. Амбулаториялық ем қабылдап жатыр", - деді басқарма басшысы.

Митингке қатысқандар 5 жедел жәрдем көлігіне зақым келтірген. Облыста тәртіпсіздік орын алған кезде жалпы саны 206 жедел жәрдем көлігі медициналық қызмет көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951035-almaty-oblysynda-zappai-tartipsizdik-kezinde-qansa-adam-dariger-komegine-zugingen/

jitsu gif