Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 494 қылмыстық іс қозғады

Жарияланған күні:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның Бас прокуратурасы Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер мен шабуылдардан кейін 494 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды елдің бас қадағалау органының ресми сайты.

Ведомство дерегінше, ТЖ режимі кезеңінде жасалған құқық бұзушылықтар үшін 6966 әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы хаттамалар толтырылды, әртүрлі әкімшілік жауаптылыққа 4918 адам тартылды, оның ішінде 1978 адам қамаққа алынды. 791 адамға айыппұл салынды және 2149-ы ескертілді. Соттардың қарауында 2048 материал бар.

Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде 44 – терроризм актілері бойынша, 34 – жаппай тәртіпсіздіктер бойынша, 15 адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеруде.

Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыс жасады деген күдікпен соттың санкциясынсыз 48 сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алынуы мүмкін (ҚПК-нің 14-бабының 2-бөлігі).

Бірақ аса ауыр, террористік немесе экстремистік қылмыс, жаппай тәртіпсіздік барысында, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде қылмыс жасады деп күдіктелген кезде 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстап алуға жол беріледі (ҚПК-нің 131-бабының 4-бөлігі).

Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасаған күдіктінің жеке басын анықтау, хаттама жасау және т.б. мақсаттарда 3 сағатқа дейінгі мерзімге ұстап алынуы мүмкін.

Егер әкімшілік іс қозғалған баптың санкциясы жазалау шараларының бірі ретінде қамаққа алуды көздейтін болса, онда 24 сағатқа дейін ұстап алынуы мүмкін (ӘҚБтК-нің 789-бабының 3-бөлігі).

Коменданттық сағаттың енгізілуіне байланысты белгіленген тәртіпті бұзуға жол берген адамдар коменданттық сағат аяқталғанға дейін, ал өзімен бірге құжаттары жоқ адамдар – олардың жеке басын анықтағанға дейін, 48 сағаттан аспайтын уақытқа ұсталуы мүмкін (ӘҚБтК-нің 789-бабының 2-бөлігі).

Бұл ретте, жеке басы анықталмай ұстап алынғандар соттың санкциясымен қабылдау-тарату орындарына орналастырылады. Жеке басын анықтағаннан кейін, егер олардың іс-әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалмаса, оларға қандай да бір шаралар қолданылмай, дереу босатылады.

Барлық жеткізілген және ұсталған адамдардың қорғалуға және білікті заң көмегін алуға конституциялық құқығы қамтамасыз етіліп отырғанын атап өткен жөн.

Азаматтар мен олардың өкілдері аумақтық полиция және прокуратура органдарына сәйкес арыздармен жүгінуге құқылы. Әрбір өтініш бойынша тексеру жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы азаматтарды заңдылықты сақтауға, жалған ақпаратқа бой алдырмауға және ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951044-bas-prokuratura-almatydagy-zappai-tartipsizdikten-keiin-494-qylmystyq-is-qozgady/