Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шешімге қол қойылды": ҰҚШҰ әскери контингенттерін тұрақты орналасу пункттеріне қайтару ұйымдастырылады

Опубликовано:

Фото
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бейнебайланыс режимінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери ведомство басшылары Қазақстандағы Ұжымдық бітімгершілік күштерінің операция барысын және оны аяқтау тәртібін талқылады.

Отырсқа қатысушылар әріптес мемлекеттердің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетігі ретінде ҰҚШҰ-ның қажеттілігі мен тиімділігін атап өтті. Ұйымның жауапкершілік аймағының периметрі бойынша тұрақсыздық ошақтарының пайда болуына байланысты кездесуге қатысушылар дағдарыстық жағдайларға ден қою мерзімдерін оңтайландыру және шешім қабылдаудағы жеделдікті арттыру мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов әріптестеріне, ҰҚШҰ-ның Хатшылығы мен Біріккен штабына көрсеткен көмегі мен үйлесімді жұмысы үшін алғысын білдірді.

Кезектен тыс отырыстың қорытындысы бойынша әскери ведомстволар басшылары ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттерін Қазақстан Республикасының аумағынан тұрақты орналасу пункттеріне қайтаруды ұйымдастыру туралы бірлескен шешіміне қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951048-sesimge-qol-qoiyldy-uqsu-askeri-kontingentterin-turaqty-ornalasu-punktterine-qaitaru-uiymdastyrylady/

pixel