Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери қызметкермен амандасқан кішкентай қазақстандық көптің жүрегін елжіретті

Опубликовано:

Фото
Фото: otyrar.kz

Әскери қызметкердің қолын алған баланың суреті желі қолданушыларын елжіретті. Белгілі болғандай, фото 7 қаңтарда Шымкенттегі тәртіпсіздіктерден кейін түсірілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Суреттегі Ұлттық ұлан 6698 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Шахрух Хасанов екені анықталды. Ер адам 10 жылдан бері әскери салада қызмет етеді. Үйленген, екі баланы тәрбиелеп отыр.

Ұлттық ұланның хабарлауынша, ефрейтор сол күні ауысымға шығып, Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығының аумағын күзеткен. Осы кезде оған кішкентай бала жүгіріп келіп, қолын созған.

"Кішкентай бала жауынгерге жүгіріп келіп, қолын созып, амандасқан. Балалар үнемі жақындайды, өйткені оларға қызық. Біздің сарбаздар ешқашан олардың қолын қайтармайды", - деді Ұлттық ұлан.

Айта кетсек, Шымкентте болған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 3,5 мың адам ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951052-askeri-qyzmetkermen-amandasqan-kiskentai-qazaqstandyq-koptin-zuregin-elziretti/

pixel