Қызылордада тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкен тонаған азамат ұсталды

Опубликовано:

1
Фото: Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі

Қызылорданың екі тұрғыны жаппай тәртіпсіздік кезінде аңшылық дүкенді тонады деген күдікке ілінді. Бұл туралы өңірдің полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство дерегінше, 6 қаңтар күні таңғы сағат 05:00 шамасында белгісіз біреулер Қызылордадағы аңшылық дүкенінің сөрелерін сындырған.

Олар киім, дүрбі мен арнайы пышақ құралдарын алып кеткен. Жедел шаралар нәтижесінде екі күдікті қолға түсті. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталды. Басқа адамдардың қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951066-qyzylordada-tartipsizdik-kezinde-ansylyq-duken-tonagan-azamat-ustaldy/