Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалықтарға коменданттық сағат кезінде жолаушыларды күтіп алып, шығарып салуға рұқсат етілді

Опубликовано:

Пойыз
Көрнекі фото: baq.kz

Елорда тұрғындарына жолаушыларды әуежай мен темір жол вокзалынан күтіп алып, шығарып салуға рұқсат берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қалалық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық комендатураға сілтеме жасаған ведомство жолаушылармен кездесуге міндетті түрде қойылатын талап бар екенін хабарлады. Олардың қолында билеттің суреті мен жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс. Аталған шаралар жолаушыларға қолайлы болу үшін қабылданып отыр.

Сондай-ақ, ІСБ қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы "CTS" ЖШС-мен бірлесіп әуежайдан теміржол вокзалына дейін автобустардың арнайы рейсі іске қосылғанын еске салды. Аталған бағыт бойынша көлік 21:00-ден 06:00-ге дейін жүреді.

Ведомство қазір қалада 23:00- ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат әлі де күшінде екенін жеткізді. Қалалықтарға көшеге шығуға тыйым салынады. Елорданы тәулік бойы құқыққорғау органдары қызметкерлері күзетіп тұр.

"Қосымша ақпарат алу үшін азаматтар комендатураның жедел штабына 8 (7172) 71-60-20 нөмірі бойынша немесе "IKomek109" қызметіне хабарласа алады", -делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951069-elordalyqtarga-komendanttyq-sagat-kezinde-zolausylardy-kutip-alyp-sygaryp-saluga-ruqsat-etildi/

pixel