Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Pfizer вакцинасын кімдер таңдай алады

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Медициналық қызметкерлер коронавирусқа қарсы ревакцинация кезінде "Комирнати", яғни Pfizer екпесін таңдай алады, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Бұл туралы мемлекеттің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қалусында жазылған. Құжатқа сай жасы алпыстан асқан азаматтарға да ревакцинация кезінде екпенің осы түрін таңдауға рұқсат етілген.

Айта кету керек, COVID-19-ға қарсы ревакцинацияны елдің әрбір азаматы жасата алады.

Сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқанына үш айдан асқан шетелдіктердің де екпені алуына мүмкіндік бар. Ревакцинацияға екпенің алғашқы курсын алғанына 6 ай өткен азаматтар жүгіне алады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы екпе салдырғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951071-elimizde-pfizer-vakcinasyn-kimder-tandai-alady/

pixel