Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында террористік қауіптің "сары" деңгейі белгіленді

Опубликовано:

Сарбаз2
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысында террористік қауіптің "сары" деңгейі белгіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы президентінің "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 жарлығының талаптарына сәйкес, терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб басшысының шешімі бойынша 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап Павлодар облысының аумағында террористік қауіптіліктің орташа "сары" деңгейі (10 тәулікке) белгіленген.

Құқық қорғау органдардың жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарын ұстануды сұраймыз"- делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951072-pavlodar-oblysynda-terroristik-qauiptin-sary-dengeii-belgilendi/

pixel