Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да блок-бекеттер қашан алынады

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ

СҚО-да ТЖ режимі алынып тасталғанына қарамастан, блок-бекеттер әлі екі апта тұрады, деп хабарлайды "Алматинская трагедия" Telegram арнасы.

СҚО ПД дерегінше, қазіргі уақытта өңірде террористік қауіптің "сары" деңгейі жарияланған. Аталған фактіні есепке алғанда, облыс аймағына кіргізу нүктелері әлі де жұмысын жалғастыра бермек. Блок-бекеттерді алып тастау 26 қаңтарға белгіленіп отыр.

Блок-бекеттер орнатылған сәттен бастап полицейлер 31 мыңнан көп көлік құралын тексерді.

Айта кетейік, жақында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңірде ТЖ режимінің күшін жойды, оның ішінде СҚО да бар.

Ал осыған дейін 14 өңірде террористік қауіптің "қызыл" деңгейі алынып тасталды. Бұл тізімде де Солтүстік Қазақстан облысы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951074-sqo-da-blok-beketter-qasan-alynady/

pixel