Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эндемияға айналып барады": ДДСҰ коронавирусқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Індеттің тарауы азаймаса, коронавирус түрлене береді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Сарапшылар  эпидахуалды болжау қиындап бара жатқанын айтты. Өйткені, вирус мутацияға ұшырап, өзгеріп жатыр дейді.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус әлем елдерінің 90 пайызы халықтың 40 пайызы COVID-19 - ға қарсы егу жоспарын орындамағанын айтқан еді.

Ол африкалықтардың 85 пайызы әлі вакцинаның бірінші дозасын алмағанын да жеткізді. Бұл да жағдайды күрделеніп отыр дейді сарапшылар.

"Вирус эндемия сипатына айналып жатыр. Бұл анық. Дегенмен қазір пандемия белең алып тұр: сырқаттанушылық көрсеткіші өсіп барады, оған қоса елдердің денсаулық сақтау жүйесіне де ауыртпалық түседі",- деді ДДСҰ шұғыл аурулар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове.

Автор: Ә. Дүкембаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951078-endemiyaga-ainalyp-barady-ddsu-koronavirusqa-qatysty-manyzdy-malimdeme-zasady/

pixel