Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 11 блок-бекет алынып тасталды

Опубликовано:

блок-бекет 12
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қостанай облысында жағдайдың тұрақталуына байланысты 13 қаңтар сағат 18:00-ден бастап күре жолда орналасқан бірқатар блок бекеттер алынып тасталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Атап айтқанда өңірде М36 Алматы – Екатеринбор, Алматы – Екатеринбор күре жолының 422 шақырымы, Алматы – Екатеринбор күре жолының 722 шақырымы, Сарыкөл ауданындағы Севостопольский кенті, Қостанай-Мамлютка тас жолының 245 шақырымы, Ұзынкөл ауданындағы Троебратное кенті, Қостанай-Әулиекөл тас жолының Новонеженка кенті, Қостанай-Мамлютка тас жолының 60 шақырымы, Алматы – Екатеринбор тас жолы Алтынсарин ауданы, Щербаков кентіндегі блок бекеттер алынды.

Ал Қостанай облысының Ақмола және Ақтөбе облыстарымен шекараларындағы 3 блок бекеттің жұмыс әзірге жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951085-qostanai-oblysynda-11-blok-beket-alynyp-tastaldy/

pixel