Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұшақпен шашатын "омикрон" химикаты": Желіде тағы бір фейк қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Әуе көлігі
Көрнекі фото: pixabay.com

Мессенджерлерде SARS-CoV-2 вирусының "омикрон" штамын ұшақтардан шашатынын дәлелдейтін суреттер тарап жатыр. Кадрдан Omicron жазуы бар қаптарды көруге болады. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Stopfake.kz.

"Бұл фотосуреттің COVID-19 пандемиясына, SARS-CoV-2 коронавирусына және оның нұсқаларына ешқандай қатысы жоқ. Суретте көрсетілген қаптардағы зат - италиялық Omicron компаниясы шығаратын полипропилен қоспасы.

Кәсіпорын өнеркәсіпте қолданылатын полипропилен және полиамид қоспаларын шығарады. Атап айтқанда, олар пластикалық құбырлар, тұрмыстық бұйымдар, жиһаз, кеңсе жабдықтары және тағы басқа заттар өндірісінде қолданылады. Компания медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер шығармайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Omicron компаниясының нарықта 45 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқаны және оның COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгісіз біреулер әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы маңындағы әскери биозертхананы басып алғаны туралы ақпарат таратқан еді. Алайда денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951093-usaqpen-sasatyn-omikron-ximikaty-zelide-tagy-bir-feik-qyzu-talqyga-tusti/

pixel