Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы үш өңірі "қызыл" аймаққа кірді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оғай сәйкес, Қазақстанның үш өңірі "қызыл" аймаққа кірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

14 қаңтардағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта орналасқан.

"Сары" аймақта Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары тұр.

Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. Өткен тәуліктің өзінде елімізде қауіпті дерт 10 418 адамнан анықталды. Олардың дені елорда мен Алматы қаласынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951097-qazaqstannyn-tagy-us-oniri-qyzyl-aimaqqa-kirdi/

pixel