Атырауда наразылыққа шыққандардың спорт залда "таяқ жегені" рас па

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желілерде Атырауда "Динамо" спорт залын жаппай наразылыққа қатысқандарды ұрып-соғатын жерге айналдырғаны туралы хабарлама таралып жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлері соққыға жыққандардың арасында блогерлер, азаматтық белсенділер және қарапайым тұрғындар бар көрінеді. Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Атырау облысының комендатурасы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп жазады Stopfake.kz.

"Атырау облысының комендатурасы әлеуметтік желілерде "Динамо" спорт кешенінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан азаматтарды ұрып-соғу туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды деп хабарлайды. Жақындарын немесе туыстарын жоғалтқан адамдардан 102 операторына немесе 98-10-04 нөмірі бойынша хабарласуларын сұраймыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осы орайда Атырау облыстық полиция департаменті тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951114-atyrauda-narazylyqqa-syqqandardyn-sport-zalda-tayaq-zegeni-ras-pa/

jitsu gif