Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановтың адвокаты прокурордың қандай қателік жібергенін айтты

Опубликовано:

Бұрынғы министр
Фото: NUR.KZ /Алёна Бутенко

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтің адвокаттарының бірі Нұрлан Бейсекеев Қазақстанның бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке үндеу жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Адвокаттың айтуынша, іс бойынша прокурор ҚІЖК-нің 297-бабы 6-бөлігінің және 298-бабының талаптарын бұзған.

"Прокурор Біртановтың 2022 жылғы ҚМА ЖТТ басшысы Хасанов пен ЖТТ тергеушісінің қаулыларына 10 және 13 қаңтарда берген шағымдарын шешпей, Біртановқа 11 қаңтарда Хасанов жасаған және 2022 жылғы 13 қаңтарда Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Шалабаев бекіткен айыптау актісімен келді",- деді Бейсекеев.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов заңбұзушылық туралы Facebook желісінде де жазды.

"Тергеу жүргізу және Бас прокуратураға тиісті шаралар қабылдау туралы өтініш беру кезінде ҚМА тарапынан заңның өрескел бұзылуына қатысты біздің шағымдарымыз қаралмады, бірақ айыптау актісі бекітілді. Яғни, біздің ұстанымымыз бен құқықтарымыз ешкімді қызықтырмай ма?",- деді экс-министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951115-birtanovtyn-advokaty-prokurordyn-qandai-qatelik-zibergenin-aitty/

pixel