Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда еріктілер дәрігерлер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізіп жатыр

Опубликовано:

Алматы
Видеодан кадр: Хабар 24

Алматыда еріктілер дәрігерлерге, мемлекеттік мекеменің мамандарына, көпбалалы отбасылар мен балалар үйлеріне көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

7 қаңтардан бастап "Гоголь", "Esperanza", "Мараканда Шығыс тағамдар үйінің" 50 қызметкері 5000-нан астам адамға ыстық тамақ жеткізген. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар мен балалар үйінінің тәрбиеленушілері бар.

Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар сонымен қатар медицина мекемелері мен мемлекеттік ұйымдардың мамандарына да тамақ ұсынуда.

Еріктілердің күн сайын таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін бірнеше тәулік бойы жұмыс істейтіні белгілі болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл соңғы көмек емес. Жақын арада тағы бірнеше осындай игі іс жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951135-almatyda-eriktiler-darigerler-men-memlekettik-mekeme-qyzmetkerlerine-ystyq-tamaq-zetkizip-zatyr/

pixel