Еуразиялық банк қаңтардағы кешіктірілген несие төлемдеріне айыппұл мен өсімпұл салмайды
Жарияланған күні:
Еуразиялық банк 2022 жылдың 1-і мен 31-і аралығындағы несиелер бойынша төлемді кешіктірген физикалық тұлғаларға өсімпұл мен айыппұл салмау туралы шешім қабылдады.
"Қайғылы оқиғалар Қазақстан экономикасы мен қарапайым қазақстандықтардың өміріне әлі де ұзақ әсер етуі мүмкін. Сондықтан біз ТЖ кезінде ғана емес, 31 қаңтарға дейін несие төлемін кешіктірген тұтынушыларға өсімпұл мен айыппұл салмау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық", — деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Валентин Морозов.
Ай сайынғы қарызын өтеу бойынша 2022 жылдың қаңтарындағы кешіктірілген төлем тұтынушылардың несие тарихына еш әсер етпейді.
Айта кету керек, заңды тұлғаларға өсімпұл мен айыппұл Қазақстандағы төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін, яғни 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін салынбайды.
Өз кезегінде, заңды тұлғаларға, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге төтенше жағдай режимі кезінде қаржылық жағдайының нашарлауының немесе келтірілген залалдардың объективті себептері болса, банк 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін берілген банктік қарыз және микрокредит беру шарттары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды қамтамасыз етеді.
Заңды тұлғалардан төлем мерзімін ұзарту туралы өтініштер 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін қабылданады.
Толық ақпарат алу үшін банк бөлімшелеріне немесе заңды тұлғалармен байланыс орталығына хабарласыңыз:
+7 (776) 217-11-11
+7 (747) 217-11-11
+7 (778) 217-11-11
ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951140-euraziyalyq-bank-qantardagy-kesiktirilgen-nesie-tolemderine-aiyppul-men-osimpul-salmaidy/