Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда карантин шаралары күшейтілді: Енді мегаполисте не өзгереді

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Алматыда карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мегаполистің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамнан асатын іс-шараларды, мерейтой, үйлену той, банкеттер мен өзге де шараларды өткізуге және қатысуға тыйым салынады.

15 қаңтардан бастап Ashyq-та "жасыл" мәртебесі бар адамдар ғана спорттық-сауықтыру орталығына, фитнес орталықтарға, монша, сауна, бассейндерге кіре алады.

Ashyq жобасына қатысуына қарамастан концерт залдары, цирк, театрлардың қызметіне, діни бірлестіктердің нысандарына, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, қоғамдық тамақтану орындарындағы адам санына да шектеу енгізілді. Енді бір үстелде келушілердің саны 4 адамнан аспауға тиіс.

Ал кинотеатрлар залдың 30 пайызын ғана толтырып жұмыс істей алады.

Құжатта мониторингтік топтардың жұмысын күшейту тапсырылған.

Одан бөлек, Алматыда медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдарға Pfizer вакцинасын салдырудың басталғаны көрсетілген.

Айта кетейік, қаулы 2022 жылғы 14 қаңтарда күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951145-almatyda-karantin-saralary-kuseitildi-endi-megapoliste-ne-ozgeredi/

pixel