Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктен кейін 22 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматы ПД қалада болған тәртіпсіздіктерден кейін 22 адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы "Алматинская трагедия" Telegram-арнасы хабарлады.

"4 қаңтардан бері 22 адам ресми түрде із-түзсіз жоғалғандар санатында. Олар туралы полицияға шағым түсірген", - делінген хабарламада.

Олардың 15-інің қай жерде екені анықталған, ал қалған жетеуі туралы әзірге ақпарат жоқ.

"Барлық жайт бойынша іздеу жұмыстары басталды, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - дейді құқық қорғаушылар.

Полиция қала тұрғындарына жоғалған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы бойынша немесе жоғалған адамды соңғы рет көрген жері бойынша аудандық полиция бөлімдеріне шағымдануға кеңес береді.

Бұдан бұрын қала комендатурасы Алматыдағы 14 қаңтар таңғы уақыттағы жағдай туралы баяндаған болатын - тәртіпсіздіктерден кейін 2 мыңнан астам адам ұсталған.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жүргізілген.

Нәтижесінде 67 бірлік атыс қаруы мен 3112 оқ-дәрі тәркіленген.

Сонымен қатар, өткен тәуілікте "102" пультіне 754 хабарлама келіп түскен.

Комендатураның Call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951153-almatyda-zappai-tartipsizdikten-keiin-22-adam-iz-tussiz-zogalyp-ketken/

pixel