Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балабақшалардың қашан ашылатыны белгілі болды

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қалалық білім беру басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева аймақтық коммуникациялар қызметінде болған брифингте қаладағы балабақшалар ТЖ режимі біткен соң, 20 қаңтарда жұмысқа кірісетіні туралы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Балабақшалардың ашылуы 20 қаңтарға, ТЖ режимі аяқталған уақытқа жоспарланған. Алайда қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты балабақшалар кезекші топ тәртібіне сәйкес жұмыс істеуі мүмкін. Мектепке дейінгі мекемелер жұмысының реті туралы біз ата-аналарға да, балабақша қызметкерлеріне де алдын-ала қосымша хабарлаймыз", - деді білім беру басқарамысының басшысы Ләззат Жылқыбаева.

Білім беру басқармасы басшысының сөзінше, мектеп оқушыларының осы тоқсанда дәстүрлі оқу форматына оралуы да эпидемиологиялық ахуалға тәуелді. Әзірге оқушылар қашықтан оқитын болады.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының мектеп оқушыларын қашықтан оқу форматына ауыстырғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951164-almatyda-balabaqsalardyn-qasan-asylatyny-belgili-boldy/

pixel