Францияда мұғалімдер жаппай ереуілге шықты

Опубликовано:

Қорап ұстаған әйел
Көрнекі фото: piqsels.com

Францияда мұғалімдердің 40 проценті мен білім беру мекемелерінің өзге де қызметкерлері ереуілге шықты, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Көшеге шыққандар мектептерде санитарлық тәртіптің жиі өзгеретініне наразы.

Мәселен, соңғы 8 күнде коронавирусқа қарсы қабылданған шаралар 3 мәрте өзгерген. Наразы топтың мәлімдеуінше, білім ошақтарында қажетті медициналық заттар да жеткіліксіз.

Сол себепті, кей мектептерде педагогтардың 75 проценті жұмысқа шығудан бас тартқан. Бүгінде Францияда 10 мыңға жуық сынып қашықтан оқу форматына көшті.

Бұған аймақтағы эпидахуалдың ушығуы себеп. Ұстаздар биыл емтихан тапсыратын жоғары сынып оқушыларының білім деңгейі нашарлауы мүмкін деп алаңдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951173-franciyada-mugalimder-zappai-ereuilge-syqty/