Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы тәуліктерде Қазақстанда ауа райы қандай болады: Синоптиктердің болжамы

Опубликовано:

Қала
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 15-17 қаңтар күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райына Баренц теңізінен келетін циклон әсер етеді.

Оның әсерінен жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-28 м/с дейін күшейеді. Сондай-ақ еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 30 м/с дейін жететін қатты екпінді жел соғады деп күтіледі.

17 қаңтарда түнде еліміздің батысында термометр бағанасы -5-13 аралығын көрсетсе, солтүстік өңірлерде 5-18 градусқа дейін аяз болады. Ал оңтүстікте сынап бағанасы -5 және +5 аралығында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951178-aldagy-taulikterde-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady-sinoptikterdin-bolzamy/

pixel