Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы фермада қару-жарақ арсеналы мен полиция қалқаны табылды (фото)

Жарияланған күні:

Полиция
Фото: Алматы облыстық ПД

Құқыққорғау қызметкерлері Алматыдан 120-130 шақырым жерде орналасқан фермадан қару-жарақ арсеналы мен полиция қалқанын тапты. Шаруа қожалығының иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстовның мәліметінше, 12 қаңтар күні Еңбекшіқазақ аудандық полицейлеріне Шелек ауылына жақын жердегі шаруа қожалықтардың бірінде атыс қаруы мен оқ-дәрілер жинақталғаны туралы ақпарат түскен.

Жедел қызметкерлер ферма аумағын тексеріп, қару-жарақ арсеналы табылғаны туралы ақпарат расталған.

1
Фото: Алматы облыстық ПД

"Жапсарлас салынған үйден атыс қаруы бар құпия орын табылды. 16 калибрлі екі аңшылық мылтық, 4,5 мм калибрлі МР-512 пневматикалық винтовка, көп мөлшерде 16 және 20 калибрлі гильза мен патрон, маркасы ТОЗ-106 тегіс ұңғылы мылтықтың оқжатары, 5,6 мм калибрлі иір ойықты мылтыққа арналған патрондар, "Сокол" түтінсіз дәрісі, 0,5 келі бытыра, сондай-ақ, полиция қалқаны тәркіленді", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2
Фото: Алматы облыстық ПД

Құзырлы орган ферма иесі бұрын есірткі заттарын сақтағаны үшін сотталғанын атап өтті. Қазір полиция күштік құрылым қызметкерлерінің қалқаны секілді арнайы құралдар мен қару-жарақтың қайдан алынғанын анықтауға тырысуда.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951193-almaty-oblysyndagy-fermada-qaru-zaraq-arsenaly-men-policiya-qalqany-tabyldy-foto/