Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 3 пулемет пен граната атқыш тәркіленді

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Жамбыл облысы ПД

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері тұрғындардан қару-жарақ, оқ-дәрілер мен арнайы құралдарды көрген жағдайда полицияға хабар беруін сұраған. Содан кейін 102 нөміріне азаматтардан қоңырау түсе бастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, полицияға қоңыраулар Тараз бен Жамбыл облысының аудандарынан түсіп жатыр. Бір тәулікте тұрғындар берген ақпараттың арқасында 40 қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленген.

Мәселен, 13 қаңтарда адамдар тәртіп сақшыларына қару-жарақ тауып алғанын айтып, хабарласқан. Оқиға орнына келген құқық қорғаушылар 3 Калашников автоматы мен граната атқыш тәркіленген. Қару-жарақ сараптамаға жіберілген.

Сонымен бірге, ведомство үш пулемет тәркіленгенін атап өтті.

Жамбыл облысы ПД дерегінше, қару-жарақ, оқ-дәрілер, арнайы құралдар туралы ақпарат бергендер немесе оны өз еркімен тапсырғандар қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Аты-жөні құпия сақталады.

Өңірлік әкімдіктің ресми сайтындағы мәліметіне сүйенсек, 14 қаңтардағы жағдай бойынша Жамбыл облысындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 2307 адам полицияға жеткізілген. Оның 38-і сот шешімімен қамауға алынды.

226 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды (125-і 15 тәулікке қамалған, 19-на айыппұл салынды, 82-не ескерту жасалды).

Ұсталғандардан 143 қару тәркіленген, оның 15-і соңғы тәуліктерде тәркіленген. Жалпы алғанда, 43 Калашников автоматы, 13 мерген винтовкасы, 3 тапанша-пулемет, 29 бірлік тегіс ұңғылы қару тәркіленген.

Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздік кезінде 273 адам әртүрлі дене жарақатын алған, оның 34-і ауруханада жатыр. Қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша арнайы операция жалғасып жатыр.

Өңірде әлі де коменданттық сағат алынған жоқ. Тұрғындардың сағат 23:00-ден 07:00 аралығында жүріп-тұруына тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951197-zambyl-oblysynda-tartipsizdikterden-keiin-3-pulemet-pen-granomet-tarkilendi/