Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент пен тағы үш облыста төтенше жағдай режимі алынды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Бүгін, 14 қаңтарда сағат 18:00-ден бастап Шымкент қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстарында төтенше жағдай режимі алынады. Мемлекет басшысының тиісті жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес:

  • Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын;
  • Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын;
  • Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын;
  • Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын", - деліген президент қаулысында.

Жарлық қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің 2 мегаполисі мен 12 облысында жағдай тұрақталып, осыған байланысты антитеррористік операциялар аяқталған болатын.

Сондай-ақ, аталмыш өңірлерде террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейі жойылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951211-symkent-pen-tagy-us-oblysta-totense-zagdai-rezimi-alyndy/

pixel