ҰҚК-нің Жамбыл мен Алматы облысындағы департаментіне жаңа басшылар тағайындалды
Жарияланған күні:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл мен Алматы облысындағы департаментіне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Басылымның мәліметінше, Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің басшысы болып Нұрлан Кәрібжанов, Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің басшысы болып Алмас Наймантаев тағайындалған.
Айта кетейік, Нұрлан Кәрібжанов жаңа қызметіне дейін ҰҚК-нің орталық аппаратында бөлім басшысы болған. Сондай-ақ, ол 2011-2016 жылдары ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша басқармасын басқарған.
Ал Алмас Наймантаев ҰҚК-нің орталық аппаратында кадр департаменті басшысының орынбасары болған.
Сонымен қатар, 13 қаңтарда Алматы қаласы Ұлттық қауіпіздік комитеті департаментінің басшысы болып полковник Марат Ирменов тағайындалған еді.
Марат Ирменов бұған дейін ҰҚК-нің Жамбыл облысы бойынша департаментін басқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951214-uqk-almaty-men-zambyl-oblystaryndagy-departamentterine-zana-bassy-tagaiyndaldy/