Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Astana LRT ісі: Іздеу салынған Ардан мен Сұлтанбековке елордаға келуге 24 сағат берілді

Жарияланған күні:

Астана ЛРТ
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Нұр-Сұлтан қаласының Бас прокуратурасы Astana LRT ісі бойынша тергеу кезінде жиналған дәлелдемелер іздеудегі Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің әрекеттерін Қылмыстық кодекс баптары бойынша саралауға мүмкіндік бергенін хабарлады. Енді Ардан мен Сұлтанбеков Нұр-Сұлтан прокуратурасына келуге тиіс, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ведомствоаралық тергеу-жедел тобы LRT, BRT/ITS "Астана қаласының жаңа көлік жүйесі" жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.Т.Сұлтанбековке, "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Т.Н.Арданға және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Жиналған дәлелдемелер олардың әрекеттерін саралауға мүмкіндік берген:

  • Сұлтанбековтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 176-бабы (ұйымдасқан топ құрамында өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет жымқыру), Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы өзгертілген 235-бабы (бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және басқару) және қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет жымқыру);
  • Арданның әрекеті Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы өзгертілген 176-бабы (ұйымдасқан топ құрамында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет жымқыру), 262-бабы (Қызмет бабын пайдаланып ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу) және қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 189-бабы (ұйымдасқан топ құрамында қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын бірнеше рет жымқыру) бойынша сараланған.

Күдіктілердің Нұр-Сұлтан қаласына келулері қажет

Прокуратураның хабарлауынша, Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 206-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдіктінің әрекетін саралау туралы қаулы шешім шығарылған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірілмей жарияланады. Егер күдікті немесе оның қорғаушысы келмесе, қаулы 24 сағаттан кейін де жариялануы мүмкін.

Сұлтанбеков пен Арданның Қазақстаннан тыс жерде болуына байланысты прокуратура саралау туралы хабарламаны БАҚ-та жариялап отыр.

Қаулыларды жариялауға қатысу және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін күдіктілер Сұлтанбеков пен Ардан Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 31 мекенжайында оналасқан Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының әкімшілік ғимаратына келулері қажет.

Ведомство күдіктілер өз қорғаушыларын шақыруға құқылы екенін немесе мемлекеттік орган қорғаушы беретінін жеткізді.

Келуіне кедергі келтіретін себеп болса, ескерту керек

"Шақырту белгіленген уақытта келуіне кедергі келтіретін себептер болған жағдайда, сондай-ақ прокурордың немесе сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның, күдіктілердің немесе белгіленген тәртіпте олардың мүддесіне өкілдік ететін адамдардың қатысуы туралы өтінішхат беруге ниет білдірген жағдайда қылмыстық қудалау органына алдын ала хабарлау қажет", - делінген хабарламада.

Осы ретте прокуратура бұған дейін Сұлтанбеков пен Арданды 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына жауап алуға шақырғанын, бірақ олар белгіленген уақытта келмегенін және келуге кедергі келтіретін себептер туралы хабарламағанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талғат Ардан Түркияда, ал Қанат Сұлтанбеков АҚШ аумағында екенін анықтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951227-astana-lrt-isi-izdeu-salyngan-ardan-men-sultanbekovke-elordaga-keluge-24-sagat-berildi/