Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды

Опубликовано:

Сәндібек Қайыров
Сәндібек Қайыров. Фото: Қорғаныс министрлігінің ресми сайты

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан 32363 әскери бөлім командирінің орынбасары Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.

"Әскери борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің 32363 әскери бөлімі командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) Сәндібек Ғалимоллаұлы Қайыров ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм)", - делінген президент жарлығында.

Еске сала кетсек, Сәндібек Қайыров Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ерлікпен қаза тапты.

Ол тірі болса биыл 11 мамырда 40 жасқа толар еді. Қайыров қызмет барысында өзін сауатты, кәсіби офицер ретінде көрсете білген.

Марқұммен қоштасу рәсімі 13 қаңтарда Алматыда өтті. Қаралы жиынға қатысқан қала басшысы Бақытжан Сағынтаев Сәндібек Қайыровтың отбасына материалдық көмек көрсетілгенін, сондай-ақ, пәтер берілетінін хабарлады.

Марқұмның артында жұбайы мен екі баласы қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951252-almatydagy-tartipsizdikter-kezinde-qaza-tapqan-sandibek-qaiyrov-ii-darezeli-aibyn-ordenimen-nagradtaldy/

pixel