Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балақаймен қол алысқан суретінің арқасында желіде танымал болған әскериге қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Фото
Фото: otyrar.kz

Кішкентай баламен қол алысқан суретінің арқасында әлеуметтік желіде танымалдылыққа ие болған әскери қызметшіге қатысты жаңа дерек шықты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Осы күндері интернет желісінде жауынгер мен кішкентай баланың суреті пайда болып, тез тарап кетті. Жып-жылы сурет. Қоғам жақсы қабылдады. Бейбіт жауынгердің бейнесі. Осы суреттегі жауынгерді іздестірдік. Ол – Ұлттық ұланның жауынгері екен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6698 әскери бөлімінде қызмет ететін ефрейтор Шахрух Хасанов қаңтардың 4-і күні дабыл белгісімен қызметке келгенін айтады. Олар Шымкент қалалық әкімдіктің маңына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне шыққан", - деп жазды Шыңғыс Мұқан.

Фото
Фото: facebook.com/mukan.shynggys

Оның сөзінше, 7 қаңтарда әкімдік алдындағы алаңда қызмет атқарып тұрған жауынгерге кішкентай балақай жүгіріп келіп, сәлем берген. Жауынгер де баланың қолын қайтармай, сәлемін алып, басынан сипап, әкесіне қарай жіберген.

Баланың әкесінің айтуынша, бірнеше күн үйде отырған ұлы зерігіп, далаға серуендеуге шыққан. Жақын маңайда жүрген журналистер ефрейтор бен балақайдың ерекше сәтін фотоға түсіріп үлгерген екен.

Еске сала кетсек, бұған дейін екі баланың әкесі Шахрух Хасановтың 10 жылдан бері әскери салада қызмет ететінін жазған едік.

Фото
Фото: facebook.com/mukan.shynggys

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951254-kiskentai-balamen-qol-alysqan-askeri-qyzmetsinin-suretine-qatysty-zana-derek-syqty/

pixel