Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасіретті қаңтар": Берік Уәли Тоқаевтың Бас прокуратураға берген тапсырмасын түсіндірді

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға "Қасіретті қаңтар" оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өздеріңізге мәлім, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға "Қасіретті қаңтар" оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзушылық бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды.

Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды.

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек.

Мемлекет басшысының түбегейлі ұстанымы бейбіт жиналыстар мен митингілер заңға сәйкес өтуі керек. Заңда мұндай жиындардың ескерту арқылы ғана өткізілетіні қарастырылған. Митингілер мен жиналыстарды енді қалалардың орталық аудандарында өткізуге болады. Бұл – еліміздегі демократияны ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951269-berik-uali-beibit-demonstraciyaga-qatysusylar-qylmystyq-zauapkersilikke-tartylmauy-kerek/

pixel