RU

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адамның қаза тапқаны белгілі болды

Алматы облысының әкімдігі
Фото: NUR.KZ

Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қанша адамның қаза тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі полиция өңірдің департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысының коменданты Серік Күдебаев бейне үндеуінде жаппай тәртіпсіздіктерден 15 адамның көз жұмғанын хабарлады.

"Төтенше жағдай кезінде 15 адам қаза тапты, оның 5-еуі-күш құрылымдарының қызметкерлері мен әскерилер. Барлық факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, олардың бір бөлігін Әскери-тергеу басқармасы тергеуде. Жалпы бүгінде төтенше жағдай режимін бұзуға байланысты 102 қылмыстық іс қозғалды. Уақытша ұстау изоляторына 90 адам қамалды. Күдіктілерден 100-ден астам атыс қаруы тәркіленді", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы Серік Қүдебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951274-almaty-oblysynda-zappai-tartipsizdik-kezinde-qansa-adamnyn-qaza-tapqany-belgili-boldy/