Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жылқы іздеуге шыққан малшылар төрт күн бойы далада адасып жүрген

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында жылқы іздеуге шыққан екі ер адам төрт күн бойы адасып жүрген, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қаңтарда Шортанды аудандық полиция бөліміне жергілікті шаруа қожалықтардың бірінің басшысынан хабарлама келіп түскен.

Ол жоғалып кеткен екі қызметкері туралы айтыпты.

Өтініш білдірушінің сөзінше, 4 қаңтарда жұмысшылары қолайсыз ауа райына, боранға қарамастан, қарда жүру көлігімен жылқы іздеуге аттанған екен.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Арман Маминов пен Рүстем Садықов жедел-іздестіру шаралары барысында Шортанды ауданының Ключи ауылынан 20 шақырым қашықтықта хабар-ошарсыз кеткендерді тапты.

Белгілі болғандай, олар көліктері істен шығып, қиыншылыққа тап болған. Бірақ қараусыз қалған балық аулау жайына қарай жүре берген. Ер адамдар сонда көмек күтіпті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951276-aqmola-oblysynda-zylqy-izdeuge-syqqan-malsylar-tort-kun-boiy-dalada-adasyp-zurgen/

pixel