Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан бір топ адам еліміздің оңтүстігіндегі таулардан ұсталды
Жарияланған күні:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-14 қаңтар аралығында ондаған адам тауда және Қазақстан шекарасында ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің мәліметінше, 5 мен 6 қаңтар аралығында Үшбұлақ ауылының маңынан қоғамға қарсы акцияларға қатысы бар деген күдікпен Қазақстан Республикасының екі азаматы қолға түскен.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатыстылығы тексерілуде.
Себебі, олардан діни әдебиеттер табылған.
Сонымен қатар, Үлкен Алматы көлінің маңынан 5 азамат ұсталған.
"Тойота" тізгіндеген олардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмапты.
Автокөлікті тексеру барысында 7 оғы бар 12 калибрлі винчестер, 1 оғы бар травматикалық тапанша, қанның іздері бар пышақ және 600 000 теңгедей ақша табылды.
Қолға түскендердің Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкенін тонауға қатыстары бары анықталды.
Кіші Дехан елді мекенінде де оңтүстік астанадағы бүлікке қатысқан 19 адам қолға түсті. Қазіргі уақытта жедел топ күдіктілермен сұрастыру жұмыстарын жүргізуде.
"7 қаңтар күні қарулы күштердің бөлімшелерімен бірлесіп, Алматы және Талдықорған қалаларындағы қоғамға қарсы акцияларға қатысы болуы мүмкін 184, сондай-ақ мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы Қазақстан заңнамасын бұзушы 41 адам ұсталды.
13 бірлік атыс қаруы, 185 бірлік оқ-дәрі, 8 ұялы телефон, 900 мың теңгеге жуық ақша және 100 мың АҚШ доллары тәркіленді. Ұрланған 1 автокөлік ұсталды", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
Комитет 13 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 26 азамат, сонымен қатар қаруды заңсыз сақтағаны үшін 5 ер адам ұсталғанын жеткізді. Одан бөлек, сол тәулікте 6 бірлік атыс қаруы тәркіленген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951278-zappai-tartipsizdikke-qatysqan-bir-top-adam-elimizdin-ontustigindegi-taulardan-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.