Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас санитарлық дәрігер қысқа мерзімде бірнеше өңірдің қалай "қызыл" аймаққа өткенін түсіндірді

Опубликовано:

Халық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова Қазақстанның өңірлері коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа неліктен көшіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, елімізде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған. Соңғы тәулікте 10 418 жағдай тіркелді.

Анықталған жағдайлардың 76%-ы төрт өңірге тиесілі. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды, Атырау облыстары.

Есмағамбетова бүгінде еліміздің 11 өңірі "қызыл" аймаққа екенін жеткізді.

"Мұның бәрі, әрине, омикрон штамының күрт таралуына байланысты. Тағы да қайталап айтам, "омикрон" өте жұқпалы. Инфекцияның жұғу коэффициенті – 1:5. Яғни, бір адам бес адамға жұқтыра алады. Бұл жағдайда жағдайлардың саны екі күн сайын екі есе артады. Қазір елімізде сондай ахуал болып жатыр. Тыныс жолдарында "омикрон" "дельтаға" қарағанда әлдеқайда жұқпалы. "Омикрон" штамының вирусы "дельтаға" қарағанда 70 есе тез көбейеді. Осы сипаттамалардың барлығы оның жұқпалы және таралу жылдамдығы жоғары екенін көрсетеді", - деді комитет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951280-bas-sanitarlyq-dariger-qysqa-merzimde-birnese-onirdin-qalai-qyzyl-aimaqqa-otkenin-tusindirdi/

pixel