Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2402 адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы
Алматы, 6 қаңтар. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2402 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Комендатура ақпараты бойынша, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2402 қатысушысы ұсталып, 79 бірлік атыс қаруы мен 3976 оқ-дәрі тәркіленген.

"Өткен тәуілікте 102 пультіне 586 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 93 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді",- дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951290-almatyda-bulikke-qatysty-degen-kudikpen-2402-adam-ustaldy/

pixel