Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы эпидахуал: "жасыл" аймақта бір ғана облыс қалды

Опубликовано:

Полицейский охраняет блокпост
Иллюстративное фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан үкіметі жанындағы елде коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары;

"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстары;

"Жасыл" аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы ғана тұр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елімізде коронавирус жұқтырғандар саны тағы да өскені туралы хабарлаған едік.

Өткен тәуліктің өзінде елімізде 12 381 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР тесті арқылы расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951292-qazaqstandagy-epidaxual-zasyl-aimaqta-bir-gana-oblys-qaldy/

pixel