Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәтерде зорлық-зомбылық көрсеткен: Ақтөбеде кәсіпкерді бопсалаған күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: sn.kz

Ақтөбеде кәсіпкерді жалдамалы пәтерде күштеп ұстап, 2,5 миллион теңге бопсалаған күдіктілер ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

37 жастағы кәсіпкер Ақтөбе полициясынан көмек сұрап, арыз жазған.

Жәбірленуші қаладағы Есет батыр көшесінде орналасқан жалдамалы пәтерде өзіне төрт адам зорлық-зомбылық көрсетіп, 400 000 теңге ақшасын алып кеткенін айтады.

"Одан кейін 2,5 млн теңгемен бопсалаған. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында күдіктілерді анықтап, ұстады. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің "Бопсалау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Аталған баптың санкциясында мүлкін тәркілеп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951294-paterde-zorlyq-zombylyq-korsetken-aqtobede-kasipkerdi-bopsalagan-kudiktiler-ustaldy/

pixel