Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасіретті қаңтар: Тоқаев қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауды тапсырды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдар басшыларымен өткен кеңесте Алматыдағы дүрбелең кезінде қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

"Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.  Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға, қиын-қыстау кездерде күштік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестірудің жаңа нормативтік базасын әзірлеуге баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына Арнаулы операциялар күштерін жасақтау жұмыстарын жеделдетуді және ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру жөнінде нақты ұсыныс беруді тапсырды.

Президент лаңкестікке қарсы операциялар мен тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеудің маңызды екенін айтты", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1951315-toqaev-tartipsizdikter-kezinde-qaza-bolgan-beibit-turgyndardyn-naqty-sanyn-anyqtaudy-tapsyrdy/

pixel