Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы энергетика вице-министрі Қарағаев ұсталды

Опубликовано:

Жұмабай Қарағаев
Фото: primeminister.kz

Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының бұрынғы энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты ұстады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Telegram-арнасында хабарланды

Одан бөлек электрондық сауда алаңдарының басшылары және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғалардың ұсталғаны белгілі болды.

Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат, ҚМА атап өткендей, тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін ел үкіметінің қаулысымен Жұмабай Қарағаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі қызметінен босатылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951323-buryngy-energetika-vice-ministri-qaragaev-ustaldy/

pixel