Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ҚазТрансОйл" және "QazaqGaz" басшылары өз қызметтерінен босатылды

Опубликовано:

Бастық1
Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін энергетика саласындағы екі ірі компанияның басқарма төрағалары қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының ресми сайтында жария етілді.

""QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Қайрат Шәріпбаевтың арызы негізінде, оның "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.
"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылдың 14 қаңтарындағы шешіміне сәйкес, Димаш Досановтың арызы негізінде, оның "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", - делінген ресми хабарламда.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бұрынғы энергетика вице-министрі мен электрондық сауда алаңдарының басшылары және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғалардың ұсталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951324-qaztransoil-zane-qazaqgaz-bassylary-oz-qyzmetterinen-bosatyldy/

pixel