Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар, бұрқасын, көктайғақ: Еліміздің 5 аймағында жолдар жабылды

Опубликовано:

жол
Көрнекі фото: sputnik.kz

"ҚазАвтоЖол" ақпараты бойынша ауа райының нашарлауына байланысты еліміздің бес өңірінде: Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс жабылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, өңірлерде бұрқасын, қар, көктайғақ күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді.

"Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз.

Қысқы кезеңде елдімекендер арасындағы автомобиль жолдарына шығуды жоспарламас бұрын міндетті түрде ауа райы болжамын біліп алған жөн", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951336-qar-burqasyn-koktaigaq-elimizdin-5-aimagynda-zoldar-zabyldy/

pixel