Куәгерлер Алматыдағы бүлік кезінде әуежайға ұшып келген азаматтардың қалай аман қалғанын айтты
Жарияланған күні:
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде әуежайға қонған ұшақ жолаушысы қалай аман қалғанын баяндап берді. Айтуынша, әуежай қызметкерлері басына төнген қауіпке қарамастан асқан батылдық танытып, бар күшін жолаушыларды құтқаруға жұмсаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Asiana Airlines әуекомпаниясы арқылы Алматыға ұшып келген жолаушылардың бірі Facebook желісіндегі "Казахстанский клуб любителей Авиации" тобында бөлісті.
Moon Su Kim нигімен тіркелген қолданушының жазуынша, олар ұшып келген рейс Алматыға 5 қаңтар күні сағат 19:50-де келіп қонған. Бұл уақытта, әуежайды бұзақылар тонап үлгерген болатын, дейді ол.
"Қымбаттs достар! Қаңтардың 5-і мен 6-на қараған түні болған жайтты сіздерге бөлісуді жөн көріп отырмын.
Asiana Airlines OZ577 әуекомпаниясының рейсі 5 қаңтар күні сағат 19:50-де, яғни Алматы әуежайына бұзақылар басып кіргеннен кейін ұшып келді. Барлығы қауіпсіз жерге бас сауғалап, бұзақылар тобынан қашып жатты. Біздің борт тұраққа қарай бет алған кезде олар перронға еніп, біздің көз алдымызда перрондағы техниканы иемден3п алған болатын. Ол кездегі жағдай өте қорқынышты болды. Әсіресе бұл жайт әуе кемесінің бортында қалып қойған жолаушылар мен экипаж үшін қиынға соқты. Перронда ешкім қалмай, жолаушылар бұзақылармен бетпе-бет қалған кезде әуежай қызметкерлерінің әрекетін ерлік деп бағалауға болады. Олар аса жоғары кәсібилігін, батылдығы мен ерік-жігерін көрсетті. Қызметкерлер жолаушыларды құтқару ісіне соңына дейін қатысып, басын қатерге тікті", - деп жазды ол.
Рейс жолаушысының айтуынша, қызметкерлер перрон автобусы мен тағы бір көлік арқылы рейс жолаушыларының барлығын қауіпсіз жерге көшіріп, барынша қолдау көрсеткен. Оларға су, тамақ әкеліп берген.
"Олар қылмыскерлерден өзге де ұшақтардағы жолаушыларды құтқарып қалуға барын салды. Алайда олар ұшақтан шығуға бас тартты. Оларға тағы бір мәрте алғысымды айтып, бізде осындай батырлар бар екенін айтқым келеді", - деп жазған ол.
Ол өз жазбасында әуежайдағы сапа бөлімінің менеджері Цой Тимур Тимофеевичке, машинист Макаров Ильяға, ауысым басшысы Сәбитов Фархатқа, терминалдың ауысым басшысы Нуранбеков Аркинге, перрон агенті Ілиясов Тимурға, автобус жүргізушісі Аманкетаев Амангелдіге, айрықша маңызды ұшу рейстері жөніндегі вице-президент Супиянов Қанатқа алғысын білдірді.
"Бұл адамдар әскерилер келгенше және әуежайды толығымен бостқанға дейін жолаушыларды қауіпсіз жерге көшіру және құтқаруға қатысты. Біздің заманымыздың батырлары. Солардың арқасында жеке құрам мен жолаушылар аман қалды", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1951339-kuagerler-almatydagy-tartipsizdik-kezinde-auezaiga-usyp-kelgen-azamattardyn-qalai-aman-qalganyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.